Өткен жылы «ҚТЖ» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 577 млн. теңгеге вокзалдың 1905 және 1969 жылдары салынған екі ғимараты жаңғыртылды. Қасбеті қапталып, кіреберістері ауыстырылды және шатыры жөнделді. Сумен, электрмен жабдықтау, жылыту және өрт дабылы жүйелеріне жөндеу жүргізілді. Ішкі бөлмелер әрленіп, есік-терезелер қалпына келтірілді, плитка төселді. Перрон мен жолаушылар платформасына асфальт төселіп, баспалдақтар мен пандустар монтаждалды. Вокзал маңы және ғимарат іші жарықтандырылды. Қызылорда вокзалы арқылы 28 пойыз өтеді. Жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 3900 адамды құрайды. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Автор: un_admin
«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді», деп жазды Мемлекет басшысы Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктелді. Осы жылдың 7 айында өңірге барлық көзден 296,1 млрд. теңге инвестициялар тартылды. Оның 75,6 пайызы – жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарлануда. Өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі көлемі өткен жылдың қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты. Сыр өңірі өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны бойынша 2022 жылы республикада 11-орында болса, өткен жылдан бастап аймақтар арасында алдыңғы қатардан көрінді. Соңғы 2 жылда облыста 19,6 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске қосылды. Биыл 31,3…
Алдағы жылу беру маусымында коммуналдық қызметтер кідіріссіз жұмыс істеуі керек. Ол үшін барлық жөндеу, тексеру жұмыстары алдын-ала өткізілуі тиіс. Жылу беру маусымы басталғанда барлық нысан толық дайын болуы қажет. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймақ тұрғындарын электр қуатымен қамту үшін Қызылорда қаласында жаңа ЖЭО салынуда. Бүгінде орталықтың құрылыс алаңында 600-ге жуық адам және 60 техника жұмыс жасауда. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. «AKSA Energy» түрік компаниясының инвестициясы тартылған жаңа жылу-электр орталығы 240МВт электр қуатын өндіре алады. Мұнан бөлек, жиында жаңа нысандардағы құрылыс барысы қаралып, барлығын мерзімінде бітіру міндеттелді. Өңірдегі жаңа жылу-электр орталығы, Оқушылар сарайы мен үстел теннисі орталығы секілді нысандардың…
Polisia.kz мәліметінше, БҚО полицейлері қарапайым ағаш шкафтан зертхана жасап, қарасора өсірген ауыл тұрғынын ұстады. Өңірде жүріп жатқан «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Приурал полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері Дариян ауылында қарасора өсіруге арналған фито зертхананы тапты. Мұндай іске барған сол ауылдың тұрғыны екені анықталып, құрықталды. Ол өзінің тұрғылықты жерінде екі бөлмелі пәтерде осы іспен айналысқан, – делінген ақпаратта. Тінту барысында тәртіп сақшылары арнайы өсірілген 3 түп қарасораны тәркіледі. Лаборатория қарасора өсіруге арналған жарық және диод шамдарымен, термометрмен, желдеткіштермен және ылғалдылықты өлшеу құралымен жабдықталған. Сондай-ақ жоғарыда аталған үйдің ауласындағы гараждан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынып, тәркіленді. Осы дерек…
Биыл еліміздің республикалық маңызға ие жол желісін ауқымды жаңғырту шеңберінде стратегиялық маңызды учаскелердегі жұмыстардың негізгі кезеңдері аяқталды. Жаңартылған жолдардың ұзындығы шамамен 900 шақырымды құрайды. Бұл еліміздің көлік инфрақұрылымын едәуір жақсартты, деп мәлімдеді Көлік министрлігі. Елдің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын ұзындығы 885 шақырымды құрайтын «Қарағанды – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы 85%-ға дайын. Бүгінгі күні 885 шақырымның 863 шақырымында жаңа асфальтбетон жабынымен қозғалыс қамтамасыз етілген. Аталған көлік дәлізіндегі жұмыстарға 1312 бірлік техника мен 2448 қызметкер жұмылдырылды. Бұл күре жолда 46 жол өтпесі, 30 көпір, 7 көлік айрығы және 661 су өткізу құбыры салынды. Нәтижесінде 363 шақырымды құрайтын «Қарағанды – Балқаш»…
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталған құжат қоғамдағы мәселелерді шешуге септігін тигізетінін айтты. Жыл сайын тұтынушылардың шағымы көбейіп жатқандықтан «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңды жетілдірудің қажеттілігі туындап отыр. Мысалы, 2023 жылы тұтынушылардың электрондық сауда саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты 7732 шағым түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Енді 2022 жылмен салыстырсақ шағымдар саны 290%-ға өсті, — деді ведомство басшысы. Бұл деректен қазақстандықтардың электрондық сауда құралдарын белсенді пайдаланып жатқанын көруге болады. Министр заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің және Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттелгенін атап өтті.Осылайша, төмендегі нормалар заңға енгізілген. Біріншіден, тұтынушылық дауларды шешу тәртібі көп…
2024 жылғы 19 тамызда, сағ. 10.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті. Алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан киберспорт түрін дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады. Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан, волейболдан сонымен қатар үстел теннисінен турнир өткен болатын. Турнирде жастар футбол «ФИФА-2024» түрінен додаға түсті. Сайысқа түскен жастар арасында ұсыныс айтқандар да болды. Тәмен Ақжол: «Бәрінің айтатыны – Компьютер…
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Қызылорда облысында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 6 900 орындық 10 мектеп, келесі жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қызылорда облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, мектептерге инфрақұрылым жеткізудің жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 10 мектепте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аймақта экологиялық акцияны ұйымдастырудың өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған қатысқан еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорындар қызметкерлері 13 мың тоннадан астам қоқыс қалдығын шығарып, скверлер мен парктерді, тарихи-мәдени ескерткіштерді, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандарын, су айдындарын,…
фото: kartin.papik.pro Алтай Айнабек климатты өзгерту технологиялары халықаралық орталығының жетекшісі,«жасанды жаңбыр жауғызу» технологиясының авторы. Қазіргі уақытта Арал өңіріне арнайы қондырғыларын орнатып, «жасанды жаңбыр жауғызу» процесімен айналысып жүр. Бұл жүйе «Clear Sky Manager New Generation» деп аталады. Алтайдың айтуынша, Аралға жасалып жатқан тәжірибе басқа өңірлерге де әсер етуі мүмкін. Біз Қазақстанда жұмыс жасаған мерзімдер 2021 қазан, 2022 наурыз, сәуір, мамыр, 2023 жыл тамыз айы. 2024 маусымнан 18 бастап жұмысты жалғастырып жатырмыз. Осы кездердің барлығына ортақ құбылыс бар. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын деңгейі көп болған. Бұл бірінші этап, — дейді Алтай Айнабек. Оның айтуынша, климат технологиялық…