Автор: un_admin

30 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка елдерінде Марбург вирусының белең алғаны туралы ескертті. Руанда елінде 36 адам Марбург вирусын жұқтырып, ішінде 25 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. 11 адам қайтыс болды. Марбург вирусы өте қауіпті вирустық ауру болғандықтан, өлім-жітім деңгейі өте жоғары. Ауырған адамдардың арасында өлім-жітім деңгейі 25-90%-ға жетеді. Марбург вирусы – жұқпалы ауру. Жарқанаттардан маймылдарға, басқа да жануарға, одан адамға жұғуы мүмкін. Вирус тікелей байланыс арқылы жұғады, — дейді маман. Айтуынша, Қазақстандықтарға аса қатты қауіп төніп тұрған жоқ, алайда вирустың сырттан келтірмеу маңызды. Сол себепті денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекараларда санитариялық-карантиндік талапты күшейткен. «Мамандар жүргізетін скрининг дене қызуы…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын құттықтады. Мерекелік іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты. «Бүгін ел игілігіне берілген үстел теннисі орталығы Сыр спортына жаңа серпін әкеліп, жеңімпаздар сыйлайды деп сенеміз. Сүйікті Қызылордамыздың келбетіне көрік қосатын әсем ғимараттардың қатарын толықтырған орталықтың қолданысқа берілуі баршаңызға құтты болсын! Облыстың қарқынды дамуына қажетті әлеуметтік нысандардың салынуына зор үлес қосқан «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлына және «Самұрық-Қазына Траст» корпортивтік қорының…

Read More

Салтанатты іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінде Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістер өңіріне айналды. Облыста биыл 187 нысанның құрылысы салынуда. Тек білім саласында 9 нысан ел игілігіне берілді. Бүгін міне, «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2 млрд 350 млн теңгеге салынған 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының салтанатты ашылуына жиналдық. Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының…

Read More

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жоба» аясында жұмыс берушілермен 4 ауданда – Жетісу, Наурызбай, Алатау, Әуезов аудандарында кездесулер өтті. Кездесулерге кемінде 2 жұмыс берушілерден қатысты. Әртүрлі компаниялардан келген жұмыс берушілер өздерінің ұсынып жатқан жұмыстары туралы толық ақпаратпен бөлісті. Бірінші кездесу маусым айында өткен болатын. Оған жұмыс беруші – «Темірбетон-1» ЖШС кадрлар ісі жөніндегі маманы Дана Рабғалиева қатысты. Екінші кездесу Наурызбай ауданында өтті. Оған жұмыс берушілерден – Autoglassimport компаниясының кадр ісі маманы Аинна Айвазова мен “Казмонтажспецстрой” компаниясының кадр бөлімінің қызметкері Гүлсім Шаконова қатысты. Үшінші кездесу Алатау ауданында өтті. Оған…

Read More

Әрине, кепілдік береміз. Мысалы, тасқыннан кейін салынған шамамен 2 600 үйдің басым бөлігі – жер үй. Қазір осындай ғимаратты салған мердігер үйге кепілдік береді. 2 жылдың ішінде осы үйге бірдеңе болса, мердігер оны жөндеуге міндетті болады. Әр үйге 2 жыл кепілдік береміз, — деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында. Қыркүйекте  7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болғаны айтылды. Оның ішінде 5 313 нысан сатып алынды, 2 080 үй салынды. Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы көлемі 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілген.

Read More

Министрлік құрылған күннен бастап 2 маңызды құжат: Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеуді қолға алды. Министрлік тарапынан жұмыстар жүргізіліп, Үкіметтің 2024 жылғы 5 ақпандағы №66 қаулысымен Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған Тұжырымдама су саласын дамыту пайымын айқындайтын құжат болғандықтан, ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Тұжырымдамада су ресурстарын басқару жүйесін түбегейлі жетілдірудің дамыту көрінісі жеті тәсілмен айқындалған. Оған қоса, бекітілген Тұжырымдама аясында 2030 жылға дейін қосымша 2,6 текше метр шақырым су жинай алатын жаңа 42 су қоймасын салуды, қолданыстағы 37 су қоймасы…

Read More

Орта білім комитетінің мәліметінше, биыл жобаға 56 ауыл мектебі қосылған. Әрқайсысы заманауи лабораториялармен, робототехника, STEM-лаборатория, физика, химия кабинеттерімен толықтай жабдықталуда. Акт залы мен спорт залындағы жиһаз бен спорт құралдары, асхана мен мұғалімдер бөлмесі жаңартылуда. Жалпы жоба аясында 1848 кабинет жаңартылады. Мектептегі ұстаздар мен директорлар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Атап айтсақ, бұл курстар пәндік және объективті бағалау, цифрлық сауаттылық пен тәрбие жұмыстары бағыттарын қамтиды. Бұдан бөлек, мектептер 3 жыл көлемінде методикалық қолдауға ие болады. Осы уақытта ауыл мектебі аймақтағы зияткерлік мектептермен тұрақты байланыс орнатып, оқыту процестерін жетілдіре алады. Айта кетсек, тірек мектептерді дамыту жобасы 2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры,…

Read More

Бишімбаевтың жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеп жатқаны белгілі. Алайда бос жұмыс орнының болмауына байланысты ол әлі жұмысқа кіріспеген. Бос жұмыс орны жоқ, – деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі. 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды. Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады. 13 мамырда Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы…

Read More

2024 жылғы 23 қыркүйекте сағ. 10.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан турнир өтті. Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы бір-біріне деген қамқорлық секілді қасиеттерді дамытып, еліміздің құндылықтарын қадірлеуге шақыру. Жыл санап ауқымы кеңейіп келе жатқан «Дүйсенбілік спорт» жобасы NEET санатындағы жастарға арналған соң, бірінші базарлар мен сауда орталықтарын аралап, сонымен қатар жұмыссыз жүрген жастармен байланыс орнаттық. Турнирге «Алматы», «Жаркент», «Достар», «Қыран», «ВКО», «Таусамал», «Алатау», «Алғабас», «Қарасаз», «Текелі», «Қазына», «Саймасай», «Шұғыла», «Legion», «Жетісу», «Ақсуат», яғни жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Алғашқы іріктеу…

Read More

Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарына 12 млрд.теңге, оның ішінде жылу-энергия көздерін жаңғыртуға 4 млрд. 800 млн.теңге қаржы бөлінді. «Қызылорда жылу-электр орталығы» Оңтүстік қазандығының «Боно энерджи» маркалы үш бу қазандығы жаңғыртылуда. Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандыққа күрделі, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың 95 пайызы орындалды. Жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған 6 жобаны іске асыруға бюджеттен 6 млрд. 900 млн. теңге бөлінді, 9,5 шақырым жылу желісінің 7,2 шақырымы жүргізілді. Облыстағы 1 067 әлеуметтік нысанның дайындығы 100 пайыз. Қыс мезгіліне…

Read More