Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Жол қашықтығы – 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады. Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі Төртқұдық елді мекені маңында аяқталды. Биыл «Ұлы дала жорығына» еліміздің әр аймағынан келген 6 шабандоздан тұратын арнайы «Рекорд» командасы жасақталды. Оның құрамына нағыз қазақтың Адай, Қостанай, Найман, Жетісу өңірінің Арғымақ жылқылары әдейі енгізіліп отыр. «Рекорд» командасының сап түзеп, жорыққа шығуындағы басты мақсат – нағыз қазақи жылқылардың ел арасында танымалдылығын арттыру, кеңінен…
Автор: un_admin
Министрдің айтуынша, 2029 жылға қарай экспортты көлемін 45 млрд долларға жеткізу үшін негізгі бағыттар анықталған. «Ең алдымен Қытайға басым назар беріліп отыр. Орта мерзімді перспективада дайын өнімнің экспортын 2,5 есеге ұлғайту және 12,5 млрд долларға дейін жеткізу мақсатын қойып отырмыз (2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға шикізаттық емес тауарлардың экспорты – 5 млрд доллар). Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шекара маңындағы саудаға қажет инфрақұрылым құрылуда», — деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысында. Министрдің айутынша, Таяу Шығыс елдерінде сұранысы жоғары тоңазытылған қой еті, құс еті және субөнімдер сияқты жоғары маржалық тауарларды жеткізуді ұлғайту…
Фото: gov4c.kz Ол «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түсінік берді. Құжат аясында 7 кодекске, 13 заңға өзгерістер енгізілген. Ол бойынша аса ауыр қылмыс жасағандар, террористер мен педофилдер Қазақстанға кіре алмайды: Балаларға қатысты бұрын жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған иммигранттарға тұрақты тұруға және Қазақстан азаматтығын алуға рұқсат беруден бас тарту; Шетелдіктердің экстремистік немесе террористік әрекеттерге қатысы бар екені туралы мәлімет болса, елге кіруге тыйым салынады; Ұйымдасқан топтардың көшбасшылары саналатын, ауыр қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынады. «Халықтың көші-қоны туралы» заңға да жаңа баптар енгізілген. «Бұл көші-қонды бақылаудың тиімділігін арттырып, жүйелі түрде…
Министрдің айтуынша, 2024 жылы талапкерлерге ҰБТ тапсыруға 5 мүмкіндік беріледі. Оқушылар қаңтар мен наурызда ақылы түрде білімін тексере алады. Негізгі екі ҰБТ мамыр, маусым, шілдеде өтеді. Соңғы бесінші мүмкіндік тамызда болады. Бұл ақылы түрде жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік береді. 16 мамырдан 5 шілдеге дейін 14 өңірде ҰБТ тапсыру басталды. Тест тапсыруға 2 мүмкіндік қарастырылған. Тасқыннан зардап шеккен 6 өңірде (ҰБТ-ны) 25 мамырдан 12 шілдеге дейін өтеді. Бес күнде 12 мыңнан аса талапкер тестілеуден өткен. Әзірге төтенше жағдай, бұзақылық болмады, — деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында. Су тасқыны болған 6 өңірде түлектер үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылған. «Біріншіден, сол өңірдегі балаларға көп…
Тұрғындар денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады. Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Бірқатарының шешілу жолдары көрсетілді. Бүгінгі қабылдауда облыс әкімі жауапты басшыларға І топ мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге ІІ топ мүгедектігі бар, асыраушысы жоқ қала тұрғынының баласын облыс әкімінің грантымен медицина академиясына түсіру үшін қажетті шаралар қабылдау міндетін жүктеді. Сондай-ақ, көп балалы ана мұғалім болып жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Бұл сұрақ заң аясында, конкурс арқылы шешілетіні айтылды. Еске салайық, тұрғындар…
Небәрі 6 күнде парақшаға 145 мыңдай адам кірген. 20 мыңдай адам қолдап, қолдарын қойған. Заң бойынша бұл талапты Үкімет қарауы үшін кем дегенде 50 мың қол жиналуға тиіс. Оған уақыт бар: петиция 2024 жылғы 13 қарашаға дейін тұрады. Петицияда утилизациялық алым мен автокөлікті тіркеу алымдарының енгізілгеніне 8 жылдан астам уақыт өткені атап өтілген. Осы мерзімде Қазақстанда автопарк қатты ескіріп кетті. Азаматтарға шетелден жаңа көлік әкелуі барынша қиындады. Сорақысы сол, шенеуніктер артынша утильалымды ауыл шаруашылығы техникасына да таратты. Салдарынан, аграршылардың онсыз да мүшкіл жағдайына соққы жасады, жаңа ауыл шаруашылығы және арнайы техника күрт қымбаттап, қолжетімсіз болды. Бұған қоса, алымдар Қазақстанда жүк…
Шойгудың орнына Андрей Белоусов деген экономисті ұсынды. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы – Федерация кеңесі Путиннің қолын қаққан жоқ. 7 мамырда инаугурациясын өткізіп, артынан 9 мамыр жеңіс күнін мерекелеген Путин іле-шала іштегі және сырттағы жаумен шайқасқа қайта кіріскендей. 10 мамырдан бері Украина шығысында, әсіресе Харьков облысының аумағында атыс-шабыс молайды. Украина тарабының хабарлауынша, орыстар кемі 50 мың әскермен жаңа шабуылға шыққан. Олардың көздегені Харьков қаласы болса керек. Ресей Харьков бағытында жаңа деммен алға ұмтылғалы жатқанын Украина президенті кемі бір ай бұрын мәлімдеген. Орыс әскері үшін осындай жауапты, маңызды сәтте Путиннің қорғаныс министрі Сергей Шойгуды лауазымынан алып, оның орнына әскери салада жұмыс істемеген…
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhasalash.kz. Тәртіп сақшылары құрықтаған мұғалім облыс орталығына жапсарлас жатқан ауылда еңбек еткен. Белгілі болғандай, күдікті 6,8 және 9 сынып оқушыларына еңбек пәнінен сабақ берген. Бүгінде педагогтың есірткі затын жасөспірімдерге сату фактілері тергелуде. «Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізуі нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшердегі есірткі затын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктеліп ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың…
Ұлытау облысының әкімдігіне Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылады, делінген хабарламада. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданында жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отырғаны айтылды. Фото: ortalyq.kz
2024 жылғы 30 мамырдан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады, делінген хабарламада. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды. Фото: ортком