Кездесуде мәліметтер қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Біз, сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам, — деп атап өтті Жаслан Мадиев. Сонымен қатар, министрлік Meta компаниясымен алаяқтық схемаларға қарсы күрес жұмыстарын бастауға алды. Meta өкілдері Қазақстан тап болып отырған интернет-алаяқтық көптеген елдер үшін ортақ проблема екенін атап өтті. Соңғы тоқсанда…
Автор: un_admin
Полиция басқармасының мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері осы жылдың 9 айында заңнаманы бұзған 4781 шетелдікті анықтаған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары көші-қон саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерін, құрылыс объектілері мен базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді. Сот шешімімен 973 шетелдік азамат елден шығарылып, қоғамдық орындарда қайыр сұраған 15 құқықбұзушы жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған қазақстандық 161 азамат пен көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзған 860 адамға шара қолданылды, – делінген хабарламада. Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналары мен көші-қон заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге бағытталған…
Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды. Қазақстан мен Армения президенттері ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылайды, — деп жазылған агенттік таратқан хабарламада. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді.
Редакцияға хат жолдаған астаналық Гүлзада Акраманова базардың 10 күнге жөндеу жұмыстарына жабылғанын айтады. Бұған әлеуметтік желіде жариялған видео себеп болған. 6 жылдан бері базарда ет сатамын. Алғашқы жылында жалға берушілерге санитариялық талаптарды қалай сақтау керек екенін айтып отырдым. 5 жылдың ішінде бір рет те жуылмады, жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Сауда жасап тұрған жеріміз болған соң ет павильоны иесі Әлия Шайхиннен қоқысты тазалап кетуді сұраймыз. «Жұмысың болмасын» деп жауап береді. Мені базардан кетірмек болды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң да сол жерде сауда жасай беремін. Базар директорымен сөйлестім, — дейді Гүлзада. Айтуынша, базардағы тазалық мәселесі бұған дейін де көтерілген. «Бұл мәселені көтердік,…
Салтанатты іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты Кеңесінің мүшелері Қуаныш Сұлтанов, Өмірзақ Озғанбаев, Рашид Әкімов, Бірғаным Әйтімова, Динара Нөкетаева арнайы қатысты. Сонымен қатар, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, сала ардагерлері, еңбек озаттары және шаруашылық өкілдері де келді. Аймақ басшысы жиналған қауымды молшылық маусымының берекелі мерекесімен құттықтап, өңірдегі жетістіктерге тоқталды. «Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болатын, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.…
Аймақ басшысы екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастың тиімділігіне тоқталды. «Екі елдің Президенттері қазақ-корей ынтымақтастығын жоғары деңгейге көтерді. Сізді Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жұмысыңызға табыс тілеймін. Біздің Қызылорда облысына өткен ғасырдың басында қоныстанған корей ағайындармен жергілікті халық тату-тәтті өмір сүріп келеді. Елімізде әр этностың өз тамырынан ажырамай, тілі мен ділін сақтауына барлық жағдай жасалған. Корейлер өздерінің адал еңбегімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық, аграрлық және мәдени-рухани дамуына зор үлес қосуда. Өмірінің соңғы жылдарын қазақ жерінде өткізген генерал Хон Бом Доның құрметіне Қызылорда қаласында мемориал тұрғызылып, оның есімі қаланың бір көшесіне берілген. Бұл – корей халқына, батырдың ерлік даңқына…
Конференцияға сала басшылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, облыстың зиялы қауымы, ардагерлер, Ғафур Мұхамеджановтың балалары мен немерелері қатысты. Нұрлыбек Машбекұлы қайраткердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы айтып, еңбек жолына тоқталды. «Аймағымыздың шежіресінде толағай болмысты, нар тұлғалы азаматтардың есімі әрдайым құрметпен аталады. Сондай ағаларымыздың бірі – елжанды азамат, Сыр перзенті, ғибратты ғұмыр иесі Ғафур Мұхамеджанов. Ол қасиетті Сыр топырағында дүниеге келіп, өз дәуіріндегі барлық тарихи оқиғаның бел ортасынан табылды. Совет, партия басшылығында болып, Шиелі және Жаңақорған аудандарының тізгінін ұстады. Тынымсыз еңбек, жоғары талап, іске деген адалдық ағамыздың рухани тағылымының тамыры терең, діңгегі мықты екенін көрсетті. Аймақтың бүгінгі бет-бейнесінің қалыптасуы мен дамуына Ғафур…
6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы аумағында шөп өртеніп, өрт Павлодар облысы Баянауыл ұлттық табиғи паркіне тарады. Өртке қарсы жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру мақсатында министрліктің жедел штабы іске қосылды. Сондай-ақ Павлодар облысы Желтау ауылында далалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр, – деді Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында. Оның айтуынша, өртті жоюға вице-министр жауапты. Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласының құрылымдары, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның тікұшақтары оқиға орнына бағытталды. Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне эвакуацияланды. Қазір Павлодар облысында дала өрті толық оқшауланды, күштер жағдайды бақылап отыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз…
Оның сөзінше, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге барған. Осылайша, референдум өтті деп есептеледі. Дауыс бергендердің 71,12%-ы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда АЭС салу мәселесін қолдады. Қазақстан АЭС салуға қарсы дауыс бергендердің саны – 2 045 271 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 130 267, — деді Нұрлан Әбдіров. Барлығы 7 820 204 қазақстандық дауыс берген. Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров дауыс беру учаскелерінде болған келеңсіз жағдайларға қатысты да пікір білдірді. Дауыс беру учаскелерінде болды деген келеңсіз жайттарға қатысты біздің және тиісті өкілетті органдардың тарапынан қолданыстағы заңнама бойынша құқықтық баға беріледі, — деді ол.
ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері нотариус пен риэлторлардың қатысы бар алаяқ риелторлар тобының кәсібін тоқтатты. Қылмыстық іс бойынша күдіктілер ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерлерін заңсыз иемденген. Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 млн теңгеден асады, – делінген полиция хабарламасында. Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.