Автор: un_admin

Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті. «Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен…

Read More

Мамандар Ресейдің жетекші клиникалық академиялық базалары мен №24 қалалық клиникалық ауруханасы, Ресей ми және нейротехнология федералды орталығы, Е.Н.Мешалкин атындағы ҒМЗО, Ресей балалар клиникалық ауруханасы, Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ филиалы, Ф.Филатов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасы, Жедел балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ мамандарымен тәжірибе алмасты. Қараша айының 4-інен бастап өңір дәрігерлерінің екінші легі Беларусь Респуликасына оқуға жіберіледі.

Read More

Аймақ басшысы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы автомобиль жолын қайта жаңғыртуды, «Руханият» скверіндегі, «Руханият орталығындағы» жұмыстарды көрді. Құрылысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін ескертті. Сондай-ақ, Әйтеке би кентіндегі орталық алаңның абаттандырылуымен, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы несие алған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Лаура Серғалиева дайын таңғы ас кәсібін бастаған, ал, Алмат Есенаманов шағын цехтың жұмысын дөңгелетіп отыр. «Алтын Дән» кондитерлік цехының иесі Үсен Айнұр да «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көруде.

Read More

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады. «Бүгін мерейлі мереке қарсаңында Қазалы ауданында нысандар ашылып, Абай ауылына «көгілдір отын» желісі қосылуда. Бұл – расында да, көптен күткен игілік. Қазір Қазалы ауданының газдандыру көрсеткіші 65 пайызға жетті. Биыл мұнда 2 млрд. 200 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асуда. Алғашқысы – осыдан бір жыл бұрын басталған Абай ауылын газдандыру жобасы. Жұмыс толық аяқталды, енді ауылдағы 193 тұрғын үй мен 8 әлеуметтік нысан «көгілдір отын» тұтынатын болады. Екінші жоба – Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына магистральды газ құбырын тарту. Бүгінде жұмыс қарқынды жүруде. Үшіншісі – Ақтан…

Read More

Аймақ басшысы жаңа пәтерге қоныстанушыларды құттықтап, өңірдің құрылыс саласының жетістіктеріне тоқталды. «Сыр өңірінде барлық саладағы бастамалардан, қолға алынған жобалардан, олардың іске асу қарқынынан Президентіміздің, Үкіметтің қолдауын анық көруге болады. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 115 млрд.теңгеден астам инвестиция салды. Орталық келер жылы қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Мемлекет басшысының қолдауымен аймағымыздағы құрылыс қарқыны артып келеді. Облыс, аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарда да сәулетті ғимараттар, түзу көшелер, нақтылай айтсақ, 123 млрд. 400 млн. теңгеге 81 әлеуметтік нысан бой көтеруде, 58 млрд. 900 млн. теңгеге 332 мың шаршы метр, 452…

Read More

Аймақ басшысы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге және Сыр спортындағы жаңалықтарға тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болатын, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтың ең өзекті деген мәселелерін шешуге бағытталды. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса көңіл бөлінді. Өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 13 млрд. 600 млн. теңге болса, биыл 17 млрд. 600 млн. теңгеге жетіп, 18,7 пайызға өсті. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда, 29…

Read More

фото: m.sports.ru Роналду ресми матчтарда осынша гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды. Ол Форвард «Спортинг» үшін 5, «Манчестер Юнайтед» үшін 145, «Реал» үшін 450, «Ювентус» үшін 101, «Аль Наср» үшін 73 және ұлттық құрама үшін 133 гол соққан. Бүгінде шабуылшы футбол тарихындағы, ұлттық құрамалардағы, Еуропа чемпионатындағы, Чемпиондар лигасындағы және клубтар арасындағы әлем чемпионатында үздік шабуылшы (бомбардир) болып қала береді. Ойыншының қазіргі клубпен келісімшарты келесі жазға дейін жасалған. Transfermarkt интернет-порталының мәліметінше, 39 жастағы футболшының нарықтағы құны 15 миллион еуроға бағаланған.

Read More

Аймақ басшысы конференция жұмысына сәттілік тілеп, тарихи тұлғаны ұрпақ жадында жаңғыртудың маңызына тоқталды. «Халқымыз батырлары мен сал-серілерін, даңқты дала қаһармандарын дәріптеп, ұлыларын қастерлеп келеді. Баршаңызды қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан аса көрнекті мемлекет қайраткері, кемеңгер ойшыл Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Әйтеке би Бәйбекұлы – қазақ тарихына өзінің жасампаздық қызметімен із қалдырған тұлға. Қазақтың үш ұлы биі, үш даңқты данагөйі – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің есімдері ұлт бірлігінің айнымас символы болып бізге жеткен. Қазақ тарихындағы ең күрделі кезең – жоңғар шапқыншылығы уақытында елді бірлікке үндеп, Бұқара мен Самарқанда би болған. Биыл Өзбекстанның Науаи…

Read More

Сауда комитетінің мәліметінше, қалада ӘМАТ-тың 10 түрінің бағасы төмендеген: Бірінші сорттағы бидай ұны – 7,1 %, Қарақұмық жармасы – 32,7%, Сары май – 6,9%, Айран – 8,6%, Сәбіз – 7,6%, Пияз – 4,5%, Қырыққабат – 26%. Бағасы түскен тауарлар ішінде қант, күнбағыс майы мен сүзбе де бар. Жыл басынан бері Шымкентте делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия барлығы 766 электронды шот фактураны (ЭШФ) тексерді. Нәтижесінде биыл басқарма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес 425 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 117 кәсіпкер күнбағыс майының, 57 кәсіпкер қанттың, 55 кәсіпкер қарақұмық жармасының бағасына сауда үстемесін 15%-ға көтерген. Департамент мамандары…

Read More

Фото: Halyq Uni Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 59,6 млрд теңгеге әлеуметтік төлем төленді. Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ-ді 541,2 мың адам, асыраушысынан айырылу бойынша 157,9 мың адам алды. Жыл басынан бері 98,7 мың адам еңбек ету қабілетінен және 65,4 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды,  — деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада. Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ – 95 496 теңге, 2-топ – 76 397 теңге, 3-топ 52 мың 89 теңге болды.…

Read More