Автор: un_admin

Бәйге ең әуелі тай бәйгесіндегі сәйгүліктердің жарысымен басталды. Мұнан соң құнан, сосын аламан бәйгесіне жалғасты. Жан-жақтан кіл мықты шабандоздар бас қосқан бәйгенің жалпы жүлде қоры 10 млн теңге. «Аламан» бәйгеде «Лашын» атты сәйгүлік жеңімпаз атанып, 3 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Read More

Бұл туралы Баян Мақсатқызы «Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында толық баяндап берді. «Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Бағаны ашық дереккөздерден біліп алуға болады. Суррогат аналардың жалақысы айына 250.000-300.000 теңге. Жалпы, ол суррогат аналардың қалауына қарай. Бір суррогат ана 250 000 теңге сұрады, екіншісі 350 000 теңге деді. Ал қалған ақшаны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Суррогат ана сәбиді дүниеге әкелген күні оның еңбекақысын төлеуге міндеттісің, бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек», – деді ол. Баян Алагөзованың айтуынша, мұндай қызмет үшін еліміздегі бағалар өте арзан. Қазақстанда суррогат аналардың еңбекақысы 6,5 млн теңгеден басталып, 10 млн теңгеге дейін барады. Сондықтан да шетелдіктер көбіне біздің елге…

Read More

Үкімет басшысының 27 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, күш құрылымдарына еңбекақы төлеу жаңа жүйеге көшеді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. Алғашқы кезеңде офицерлік құрам жалақысын орташа 20,3%, қатардағы және сержанттық құрамды 33,9% арттыру көзделген. Екінші кезеңде офицерлік құрам жалақысын 23%, сержанттық құрам жалақысын 10% жоғарылату жоспарланған. Лауазымдық қызметақының өсуі өзге де төлемдердің артуына әсер етпек. Мәселен, сыныпқа қарай төленетін төлем, мемлекеттік құпияға жататын дерекпен жұмысқа қарай төленетін төлем, денсаулық төлемдері мен көтерме төлемдер, зейнетке шығарда берілетін зейнеттік төлем мөлшері де арта түседі. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің 50% өтеу, дала төлемдерін енгізу, жылына бір рет еңбек демалысы кезінде әскери қызметкерлер мен…

Read More

Солтүстік Американың Флорида түбегінде болған екі жойқын дауылдың салдары. «Хелен» дауылынан кейін жүздеген адам із-түзсіз жоғалып, 780 мың үй жарықсыз қалды. Фото standard.co.uk сайтынан алынды «Хелен» дауылы 2024 жылдың қыркүйек айының соңында Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысында жаппай қираулар мен адамдардың өліміне алып келді. Оңтүстік-шығыстағы штаттарда құтқарушылар тірі қалғандарды іздеуді жалғастыруда. «Хелен» 22 қыркүйекте Кариб теңізінің батысында кең ауқымды төмен қысымды жүйе ретінде қалыптасқан. 24 қыркүйекте ол күшейіп, тропикалық дауылға айналып, Ұлттық дауыл орталығы «Хелен» деп атаған дауыл Юкатан түбегіне жақындайды. «Милтон» дауылының спутниктен түсірілген суреті, 2024 жылдың 7 қазаны. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: NOAA Қолайлы атмосфералық жағдайдың әсерімен циклон…

Read More

Шиелі ауданы негізінен агроөнеркәсіпті өңір болғандықтан, мал санын көбейту, асылдандыру жұмыстарына жіті көңіл бөліп келеді. Бүгінде ауданда мал шаруашылығын асылдандыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жетістікте жаман емес. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, асыл тұқымды мүйізді ірі қараның саны 2171 басқа, асыл тұқымды қой малының саны 60111 басқа жеткен. Ал, асыл тұқымды түйе 367 басқа көбейсе, асыл тұқымды жылқы 281 басты құрап отыр. ХІХ ғасырда қазақ даласында британдық герефорд бұқасы мен қалмақтың ірі қарасын будандастыру арқылы қазақтың асылтұқымды ақбас сиыры пайда болды. Бұқасы орта есеппен 800-900 келі, сиыры 450-500 келі тартатын тұқымға халық «құттымал» деп айдар тақты. Ресми мәліметтерге…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, егін егу және жинау науқанын қаржыландыру көлемін ұлғайту шаралары қолға алынды. Биыл осы мақсатқа алғаш рет 5 пайыз мөлшерлемемен 580 миллиард теңге бөлінді. Қаржы шаруаларға субсидиясыз, тікелей беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2025 жылы аталған бағыттағы қаржыландыру көлемін 900 миллиард теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Оның ішінде жеңілдетілген лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 200 миллиард теңге бөлінеді. Төмен пайызбен берілетін несиені тиімді пайдаланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін мемлекеттік қолдау тетіктеріне өзгеріс енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айда 796 мың тоннадан астам ет өндірілгені жөнінде мәлімет берілді. Бұл өткен…

Read More

Хабарланғандай, ер адам қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген айыппен қамауға алынып, кейін 5 000 доллар кепілдікке босатылған. Оның тыңдауы келесі жылдың 2 қаңтарына белгіленген. Билік бұл оқиға Трамптың немесе жиынға қатысушылардың қауіпсіздігіне әсер етпегенін алға тартқан. «Мен бұны қарулы топ деп айтпас едім. Бұл үкімет пен мемлекеттік бақылауға бағынбайтын адамдар», деді жергілікті шериф. Фото: military.com

Read More

Фото: Облыс әкімдігі Қала күніне орайластырылған ауқымды іс-шарада Қызылорда қаласы мен барлық ауданнан келген ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері белгіленген орындарда өз өнімдерін саудаға шығарды. Тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет және 40 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 70 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 150 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 250 тонна бақша өнімдері, 10 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық кондитер өнімдері, 200 бас тоқты және 40 тонна жем-шөп жеткізілді. Биыл Сыр диқандары 189 400 гектар жерге егін екті, 85 600 гектар күріштен…

Read More

Фото: облыс әкімдігі Аймақ басшысы жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. «Берекесімен, молшылығымен келетін күз мезгілінде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырып, мәре-сәре болып, бір жасап қалады. Егінім бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді. Ертеден жеткен осы дәстүрімізді біз де жалғастырып келеміз.Баршаңызды «Алтын дән-2024» ұлттық ат спорты бәйгесінен облыстық жарыстың ашылуымен құттықтаймын! Қыркүйек айында Мемлекет басшысының бастамасымен өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 4 саңлағымыз бақ сынап 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша Сыр спортының жылнамасын жаңартты, этноспорттың дамуына үлес қосты. Бүгінгі бәйге Сыр өңірінің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін! Төзім мен…

Read More

Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы Сыр өңіріне келген сапарында облысымызға дамудың үлкен перспективалары бар стратегиялық маңызды аймақ деп оң бағасын берді. Биыл Қызылорда қаласының бюджеті 50 млрд. теңгеге артып, 107,9 млрд.теңгеге жетті.Қала күні қарсаңында тұрғындар асыға күткен жайлы мектеп, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы ел игілігіне табысталды.Сол жағалаудағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік10 көпқабатты тұрғын үйде қоныстой тойланды.Осы уақытқа дейін қаламыздың ең басты коммуналдық мәселесі болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты.Биыл 187 үй, алдағы жылы тағы 237 үй ыстық…

Read More