Биылға дейін еліміз цифрландыру бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында көшбасшы болғанын мақтан тұтып келдік. Алайда биыл цифрландыру саласында одан әрі ілгері басудың орнына, бір қадам артқа шегініп кеткендейміз. Фото: freepik.com Себебі былтыр екінші деңгейдегі банктер мобильді төлем жүйесін енгізгендіктен, әмиянымызды сандыққа тастап, қалтамызға қағаз ақша салып жүруді мүлдем доғарған едік. Мұның өзі қоғамдық көлікте қалта ұрыларынан сақтанып жүруді жеңілдетіп, қараңғы көшеде қолыңдағы сөмкеңді жұлып алып қашатын тонаушылардың қаупін де сейілткендей болған. Өкінішке қарай, осы жылдың басынан бастап салық органдарының мобильді аударымдарды жаппай бақылауды енгізгенінің салдарынан бәз-баяғы қалпымызға қайта түстік. Үйіміздің сантехникасы мен газ қондырғысын жөндеуге шақырған мамандар да, көшеде қол…
Автор: un_admin
Абай әндері – қазақ музыка тарихында ерекше орын алатын ақынның жаңа бағытта жазған туындылары, баға жетпес мирас. Қазақ әндері мен күйлерін жетік білген данышпан ешкімге ұқсамайтын әуен тудырып, музыка тарихында өз қолтаңбасымен биіктен көрінген композитор. Халық әндерін тыңдап өскен кемеңгер Абай өз айналасындағы халықтан шыққан өнерпаздарды, қазақтың атақты әншілерін, күйшілерін көрген, тыңдаған. Ана сүтімен дарыған халық әуендеріне терең бойлап, оның артықшылығын түсіне тұра, ешкімге ұқсамайтын өз әндерін жарыққа шығарған. Орыс романстарын естіп, оны Еуропа мәдениетімен үйлестіре отырып шығарған композитордың жаңа әуені халықтың құлағына өте жағымды болды. Ғұлама ақын дала халқына жаңа әуен, жаңа ырғақ, жаңа ән әкелді. Коллажды жасаған –…
Фото: t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, елордалық «Барыс» клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді. Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады. Өз кезегінде Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан «Qazaqstan Hockey Open 2024» халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан хоккейінің…
Фото: Olympic.kz Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құраманың спортшылары бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан командасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпайға ие болды. Топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Быстрова жаттықтырады.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының сол жағалауына салынатын жаңа стадионның іргетасын қалау рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен және құрылыстың басталуымен құттықтады. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру» деген болатын. Бүгін – аймағымыз үшін айтулы күн, көптен күткен қуанышты сәтте бас қосудамыз. Мереке күні өздеріңізбен бірге халықаралық талаптарға сай келетін, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасын қалаймыз.…
Фото: pexels.com Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуде суық күндері қалада жылу жүйесін қосуға бола ма деген сұраққа жауап берді. Әкім қала тұрғындарына жылу қосылмайтынын айтты. «Келесі аптада 20 градусқа дейін жылы болады деп күтіп отырмыз, несіне жылуды қайта қосамыз? Бір апта бұрын жылуды өшіру туралы осындай өтініштер болған. Біздегі ауа райы осындай енді», – деді әкім. Еске салайық, Астанада 19 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылды.
Фото: orda.kz Белгілі айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы шаңғы базасында қайтыс болған ұлының өліміне қатысты сот процесі қалай аяқталғанын айтып, жазба жариялады. Айтуынша, үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты оң нәтижемен аяқталған. «Үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты бүгін аяқталды. Ақмола облысы, Зеренді аудандық сотының судьясы Аида Каримова төрағалық еткен сот процесі жәбірленуші тараптың талабын оң нәтижеге шешті. «Елікті парктың» иесі сотталған жоқ. Оның жиені сотталды. Себебі, сол уақытта оның бизнесі уақытша сол жиенінің атына жазылған екен. Сот Әлихан сырғанаған күні де, одан бір апта кейін зардап шеккен Динара Муксулова мен Бірімжановалар сырғанаған уақытта да ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмағанын…
Фото: okg.kz «Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. Қазқстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райын сақталады, найзағаймен жаңбыр, түнгі сағаттарда еліміздің солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, батыстың, оңтүстіктің жекелеген аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде дауыл, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда, Қарағанды облыстарының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, Абай, Ақтөбе облысының…
Фото: Halyq Uni Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған еді. 2 мамырдағы сот отырысында істі қарап жатқан судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты ҚК 434-бабы бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni. Осылайша Бақытжан Байжановқа қатысты іс ҚК-тің 432-бабы («қылмысты жасырып қалу») бабы бойынша қаралады. САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға…
Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. «Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен қалыптасты. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге баға деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, оны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз. Бірінші кезекте нарықта халық тұтынатын тауарлардың қоры жеткілікті болуы қажет. Өткен жылдан бері көкөніс өсіруші шаруашылықтарды алдын-ала 70 пайыз қаржыландырып, форвардтық келісім-шарт жасау тәжірибеге енгізілді. Енгізілген өзгерістерден және жүргізілген тауар интервенциясынан кейін көкөніс бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда…