Автор: un_admin

Аймақ басшысы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, өзекті мәселелері туралы айтты. «Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес біз денсаулық сақтау саласының дамуына, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нығаюына, олардың қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, тапшы кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөліп келеміз. Заманауи жаңа ғимараттарды ел игілігіне табыстап, медицина қызметкерлерінің жылы да жайлы жұмыс орнында халыққа сапалы қызмет етуі үшін барлық жағдай жасалуда. Нәтиже жаман емес. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда бір деңгейде сақталса, ана өлімі 5,7 есе, сәби өлімі 13,4%-ға төмендеді. 2023 жылдың қорытындысымен 3 негізгі медико-демографиялық көрсеткіштің нысаналы индикаторына қол жетті. Президентіміздің, Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда нәтижелі…

Read More

Аймақ басшысы Сыр өңірін су басу қаупі болмағанымен, апаттың алдын алу шараларын, оның ішінде құзырлы органдардың дайындығын пысықтау өзекті мәселе екендігін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, көктемгі су тасқынынан 10 облыста төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлер, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар су астында қалып, елді мекендер арасындағы автокөлік жолдары жабылды. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болып танылды. Тасқынның алдын алу мақсатында менің тапсырмама сәйкес өңірлік штаб құрылып, су басу қаупі бар 29 аймаққа 364 арнайы техника мен 1102 адам күші бар 116 жауапты мекеме бекітілді. Сең жүру кезінде су шаруашылығы мамандары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері және жергілікті…

Read More

Вейп деп аталатын электронды шылымды сатуға тыйым салу туралы ұсынысты қоғам белсенділері мен депутаттар биыл ғана емес, бірнеше жыл қаузады. Түрлі сын-пікір айтылды. Тіпті мұның соңы вейптің сатылымын қолдайтын және оған қарсы топтың текетіресіне ұласты. «Вейпке тосқауыл қоюға ниеттілер – дәстүрлі темекі өнімдерінің сатылымын қолдай­тын топ» деген сарында қарсы пікірлер айтылды. Бұл кезде ата-аналар қауымы қаптамасы көз тартатын, дәмі тіл үйіретін зиянды заттарға қарсылығын әлеуметтік желіде ашық білдіре бастаған. Қысқасы, вейп өнімдерін қолдайтындардан қарсы пікір айтқандардың үлесі әлдеқайда басым болды. Денсаулық сақтау мәселелері бо­йынша заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда вейптерді сатып, тарат­қандарға қатысты жаза нақты көрсе­тіл­ген. Заңда айыппұл көлемі 200…

Read More

Маман Ғазиз Надуевтың айтуынша, су тасқыны салдарынан адамдар арасында түрлі инфекция тарауы мүмкін. Әсіресе, жіті ішек инфекциясының тарау қаупі жоғары. Себебі үй-жайды, даладағы қораны, әжетхананы — барлығын сел шайып кетті. Қазір судың астында түрлі жануардың өлексесі, қоқыстар мен қалдықтар жатыр. Ал лас суда түрлі химикат, паразит, бактерия, вирус бар. Одан түрлі инфекция пайда болады. — Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтағы, үйлерін су басқан тұрғындар эвуакацияланды. Олар арнайы пункттерге орналасты. Ол жерде халыққа бөтелкедегі таза су беріліп жатыр. Оған қоса біздің қызметкерлеріміз зертханада олардың ішіп-жеп жатқан тағамын, жатқан жерін зерттеп, бақылап отыр. Сонымен қатар халыққа ақпарат беріліп, санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіліп жатыр.…

Read More

Білікті дәрігерлер құрамы өміріне қауіп төнген бір күндік шақалаққа шұғыл түрде неонаталдық хирургиялық көмек көрсету шешімін қабылдайды. Нәтижесінде ота сәтті өтіп, бала анасымен жалпы палатаға ауыстырылған. Алдағы уақытта дәрігерлердің бақылауында болады. Бұған дейін түрлі патологиялары бар балалар мамандандырылған ауруханаға жіберілетін. Өйткені перзентханада ондай медициналық көмек көрсетілмейтін. Бүгінде жаңа туылған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшеде неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлері жұмылдырылған. Перзентханада сондай-ақ асқазан-ішек жолдарына ота жасалған балаларға күтім жасауға да ерекше көңіл бөлінген.

Read More

Ревматология орталығы құрылады Сонымен, өткен аптада отан­дық денсаулық саласында ай­тулы оқиға –APLAP-2024 Cим­позиумы мен Қазақстан ревма­тологтерінің 7-конгресі өтіп, үш күнге ұласқан ауқымды жиында Жапония, Сингапур, Гонконг, Тайвань, Бангладеш, Үн­дістан, Филиппин, Қатар, Қы­тай, Таиланд, Аустралия, Кана­да, Ұлы­британия, Колумбия, Гер­мания, Ресей, Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Қазақстан сын­ды елдердің жетекші мамандары сөз алды. Жоғарыда атап өткен­дей, Қазақстан ревмато­логтерінің 7-конгресі, Азия-Ты­нық мұхиты ревматологтер қауымдастығы мен Еуразиялық ревматологтер лигасы симпо­зиумында ревматикалық аурулар құрылымында ревма­тоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, қабыну спондилоартриті, жүйелі васкулитке шалдыққандар саны артып келе жатқаны мәлім болды. Сондықтан елімізде отан­дық ревматология ғылыми орта­лығын құру осы бағытты ғана емес, жалпы денсаулық саласын дамы­тудың маңызды қадамы…

Read More

Жеткізем деп жетістікке жеттім Қытайдан зат алдырып, өзі­міз­­ге ұсынушы қаракөздер «Пин­дуо­дуо», «Тао бао», тағы басқа сайт­­тар арқылы жұмыс істейді. Ақ­мо­­­лалық Гүлнұр Бексұлтан­қызы әуелде Түркиядан сөмке әке­ліп сат­қан. Онысы сәтсіз болып, ен­ді назарын Қытай тарапына бұра­ды. Ол үшін әуелі инстаграм әлеуметтік желісін зерттеу керек­тігін түсінген. «Алдымен зат сатудың техникасын үйрендім. Бастапқыда қиын болды. Бірақ бір ай ішінде 17 мың шынайы оқырман жинап үлгердім. Қазір бір күнде 40-50 мың теңге пайда табамын. Қы­тайдан алдырған кез келген затымды сатып, адамдарға пошта ар­қылы жеткізіп беремін. Екін­шіден, заттың түр-түріне жар­на­ма жасап, ерекшелігіне тоқта­ламыз. Әсіресе тұрмысқа қажет­ті өнімдерге сұраныс көп. Оны да парақшама жазылған пікірлерден оқи…

Read More

Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін пысықтады. Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды. Көкөніс Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімді бағада тасымалданады. Қазақстанның барлық өңірінің қажеттілігін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының ауытқуын болдырмау үшін Премьер-министр келісімшарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Әкімдіктер кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісімшарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көлемінде…

Read More

Павлодарлық зауыттар жергілікті шаруашылықтардан сүт сатып алуға лимит енгізуі мүмкін. Себебі Ресейдің шекаралас аумақтарынан отандық кәсіпорындарға арзан шикізат ұсынып отырғандар бар. Жақын уақытта дүкен сөрелерін көрші елдің тез бұзылатын сүт өнімдері басып, жергілікті тауарды ығыстырады деген болжам бар. Фермерлер қазір кәсіпорындар туындатқан мәселе бойынша құзырлы органдарға жиі шағымдана бастаған. Ал мемлекеттен миллиардтаған несие алып, тауарлы сүт фермаларын құрып жатқан ауылдағы еті тірі азаматтар кәсіптерінің келешегіне алаңдап отыр. Шаруалардың айтуынша, Ресейдің арзан шикізаты жергілікті сүт зауыттарының көзін арбап жатыр. Зауыттар өзіміздің сүт шаруашылықтары мен қосалқы шаруашылықтардан сүттің литрін шамамен 170-191 теңгеден сатып алады. Ал Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы берген…

Read More

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі Көктем мезгілі басталысымен далалық аймақтарда өрт қаупі күшейетіні рас. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары далалық аймақтарда барынша сақтық ережелерін сақтауды ескертеді. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағындағы 33 гектар жерді құрайтын далалық аймақта 9 өрт оқиғасы тіркелген. Алайда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Оразбеков хабарлады. – Жыл басталғалы бері облыс бойынша 118 өрт оқиғасы тіркелді. Осыған сәйкес, қазіргі таңда өрт оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілген бағытта жүргізілуде. Сонымен қатар, өрт қаупі кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы және…

Read More