Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге Бірлік аллеясындағы тал егу шарасына қатысты. Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы жұмыс істейді. Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Еске салсақ, қазір республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акция аясында әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптық атаулары берілген. Сыр өңірінде «Таза Қазақстан…
Автор: un_admin
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы нысандарды аралап, демеушілер қолға алған жұмыстармен танысты. Алдымен аймақ басшысы Тасбөгет кенті А.Иманов көшесіндегі №1 үйдің қасбетін сырлау жұмыстарын көрді. Өткен жылы Қызылорда облысының 85 жылдығы және қала күніне орай шаһардағы 30-дан астам көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталған болатын. Бұл жұмыстар жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлердің қолдауымен атқарылды. Биыл игі бастама жалғасын таппақ. Облыс әкімі Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің қасбетін қаптау жұмыстарымен де танысты. Осыдан 20 жыл бұрын салынған мектеп 624 орындық, мекемеде 286 педагог пен 51 қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылы мектеп жанынан 550 оқушыға арналған қосымша ғимарат…
Композитор Мэлс Өзбеков консерваторияда оқып жүрген кезінде Айымзада атты қызға ғашық болады. Қос жүрек бірін-бірі түсініп, махаббаттың шарабына мас болып жүргенінде, жазғы каникул да келіп қалады. Екеуі қимай қоштасып, жаңа оқу жылында кездесуге уағдаласыпты. Демалыс аяқталысымен, Мэлс Алматыға қарай құстай ұшады. Іздегені – Айымзада. Оқу орнына барса, әлі келмеген екен. Не істерін білмей, сыртта тұрғанында мұны танитын курстас қыздардың бірі суық хабар жеткізеді. Айымзада каникул кезінде өзенге шомылып жүріп, суға кетіп қайтыс болған екен. Мұны естіген Мэлстің жай-күйі айтпаса да түсінікті. Көл басына барып, мұңайып отырып, әуеннен тыншу сұрайды. Сезімге толы «Келші, айым» әні осылай дүниеге келген екен.
Заңсыз ойын бизнесінің зардабын жоюға бағытталған түрлі шара қолға алынғанымен, жымысқы әрекетін жасырын түрде жүзеге асыратындар азаматтарды сан айламен арбайтын болған. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылғандардың дені – жастар. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша 18 қылмыстық іс қозғаған. Осыған байланысты 14 адам сотталып, бірқатар қылмысқа қатысты әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Экономикалық тергеу департаменті өткен жылдан бері төрт ойын залы мен бір букмекерлік кеңсенің, сондай-ақ бес бірдей жасырын казиноның жұмысын тоқтатқан. Нәтижесінде, 111 монитор, 102 процессор, 1 ойын терминалы, 6 видео ресивер, 1 500 терминал заңсыз айналымнан жойылған. Алдын…
Премьер-министр Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр. Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды. Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын…
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сингапур Парламентінің Спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және парламентаралық байланысты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат білдіріп, Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапур арасында белсенді саяси диалог, берік экономикалық және мәдени байланыстар жолға қойылып, түрлі салада берік құқықтық негіз қалыптасқанын айтты. «Біз өзара парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Сингапур Парламентімен тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Парламентаралық достық топтарының әлеуетін жан-жақты әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Сингапурмен сауда-экономикалық байланысты арттыруға да…
Бүгінде бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД-ның кейбір елдері арасында өңірдегі геосаяси ахуалды күрделендіріп тұрған шекара даулары аз емес. Мұның басты себебі ретінде анклав мәселесі тұрса, екінші жағынан делимитация және демаркация ісінің дер кезінде қолға алынбағаны да айтарлықтай салқынын тигізіп тұр. Әсіресе шекара дауы кейінгі жылдары Армения мен Әзербайжан елдері арасында ушығып, тіпті адам шығынына әкелген әскери қақтығысқа дейін ұласты. Бұған халықаралық қауымдастықпен бірге Қазақстан да қатты алаңдаулы. Бұл даулы мәселеге нүкте қою мақсатында халықаралық беделді ұйымдардан бөлек, бірлі-жарым жекелеген мемлекет басшылары да біраз араласып көрді. Араағайындық танытқандар қос көршінің қол алысып, бітімге келуіне қанша әрекеттенсе де, нақты нәтиже шықпай келе…
Астананың түбіндегі, аумағы атшаптырым жерді алып жатқан «Polytech Astana» ЖШС зауытына редакция тапсырмасымен арнайы барып қайттық. Өндіріс пен тұрғын үй құрылысына қажетті құбырлар шығарумен айналысатын бұл компания 2004 жылы ашылған. Зауытқа 2013 жылдан бері №1 Индустриялық парктен жер бөлініп, толық негізде түрлі өлшемдегі құбыр шығаруды қолға алған. Жалпы құны 4,15 млрд теңге инвестиция салынған өндіріс орнының өзіндік ерекшелігі көп. Кәсіпорынның техникалық директоры Марат Сәдуақасов цех ішін аралай жүріп, өзімізден шығып жатқан өнім жайын түсіндіріп берді. «Басты өніміміз – су құбырлары, сондай-ақ газ желілерін жүргізуге, электр желілерінің сыртын қаптауға арналған құбырлар. Қосымша күкірт қышқылына төтеп беретін, қысымға шыдамды, әсіресе «ҚазАтомПром» сияқты…
Қызылордалық қоғамдық ұйымдар мен білім саласының өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, белсенділік танытты, деп жазады Egemen.kz. Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бес апта көлемінде өткізілетін экологиялық апталықтың өзіндік мәні мен мазмұнын айшықтайтын арнайы тақырыптар бекітілген. Тиісінше, экологиялық акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» тақырыбына бағытталды. Осыған орай, бүгін өңірдегі білім саласының қызметкерлері қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябақта ағаштардың діңгегін әктеп, сол аумақты қоқыстан тазартты. Одан бөлек, білім саласының қызметкерлері экологиялық акцияда түрлі іс-шараларды өткізіп, ерекше белсенділік танытты. Атап айтқанда, саябақ аумағында «Караоке баттл», «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, түрлі бейнедегі аниматорлар тұрғындарға өнер көрсетті. Аталған экоакцияға «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық…
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі әлі тоқтаған жоқ. Өзен арнасы көршілес Батыс Қазақстан облысының аумағынан келетін сумен толығып жатыр. «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалы ұсынған гидрологиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, өзен арнасындағы су күн сайын көтеріліп жатыр. Мәселен, кеше 2 мамырда таңертеңгі сағат 08.00-де Индербор кентіндегі гидробекетте су деңгейі 32 см-ге көтеріліп, 750 см болды. Бұл ауданда Жайық өзені көктемгі су тасқыны басталғаннан бері 527 см-ге көтеріліпті. Ал Махамбет ауданында бір тәулікте өзен арнасы 16 см-ге ұлғайып, 795 см-ді құрады. Батыр атындағы ауданда су тасқыны басталған кезден бергі көтерілу көрсеткіші – 478 см. Су айдыны деңгейінің көтерілгені Атырау қаласындағы…