Автор: un_admin

Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде де Салтанат Нүкенованың өліміне өзінің кінәлі екенін, бірақ қасақана кісі өлтіру әрекетіне бармағанын айтты. Менің ата-анам, туыстарымның ешқандай кінәсі жоқ. Бұған тек мен кінәлімін. (…) Мені ұстаған сәттен бастап тек шындықты айттым. Мүмкіндігім болса да, жауапкершіліктен қашуға тырыспадым. Аса қатыгездікпен жасалған қасақана кісі өлтіру айыбын мені ұстағаннан кейін бірнеше күн өткен соң тақты. Мұны растайтын ешқандай дәлелдің, сараптаманың болмауына қарамастан осындай айып тақты, – деді Бишімбаев. Бишімбаев тек алқабилер сотына үміт артатынын айтты. «Өздеріңізден сотқа тартылған экс-министр Бишімбаев болмаса, басқа қарапайым азамат болса, әлеуметтік желіде осынша жалған ақпарат пен қаралау болар ма еді деп сұрасаңыздар. Басқа адам…

Read More

Рейтинг бойынша Қазақстан Өзбекстан 190  елдің ішінде 128-орынға тұрақтады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі – 34,5 мың АҚШ доллары. Орталық Азия елдерінің ішінде Тәжікстан 43-орында ($5,8 мың доллар), Қырғызстан 48-орында ($6,8 мың доллар), Өзбекстан 68-орында (10,9 мың доллар), Түркіменстан 101-орында ($19,7 мың доллар). Әлемдегі ең кедей елдер қатарына Оңтүстік Судан (455 доллар), Бурунди (916 доллар) және Орталық Африка Республикасы (1132 доллар) кіреді.

Read More

Кешелі бері толассыз жауған жауын мен қолайсыз ауа райы салдарынан облыс орталығының кейбір аудандарында жарық сөніп қалған. Жиында қала әкімі мен орынбасарларына, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ басшылығына ақауларды шұғыл қалпына келтіру жөнінде тапсырма берілді. «Демалыс күндері тұрғындар мұндай қолайсыздықтарды сезінбеуі керек. Жұртшылық жарық, су, газды әсіресе, осы күндері белсенді тұтынатын болғандықтан, жарықтың өшкені қаншама жұмысқа қолбайлау болуда. 109 қызметіне түскен хабарламалар бойынша апатты жою қызметі тез арада тиісті іс-қимылға көшіп, барлығын қалпына келтіруі керек. Екі сағаттың ішінде ақауларды жөндеңіздер», — деді аймақ басшысы. Жиында сала басшыларының ақауды қалпына келтірудегі әрекетсіздігіне сын…

Read More

Яхия Тасыров 102 жаста. Ғасыр куәгері Ташкентте текстиль оқуын оқып, 1940 жылы текстиль фабрикасына шебердің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. Сібірде, Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазанында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны жаудан қорғаған. Данск жерінде портта аяғынан ауыр жараланған. 1944 жылы шекарадан Германияға кірген. 1945 жылы тамыздың аяғында елге оралған. Бейбіт өмірге араласқаннан кейін аудан орталығындағы сүт зауытында қойма меңгерушісі болып 16 жыл жұмыс жасаған. 1960 жылы Жалағаштың сүт зауытында мастер, 1982 жылы аудан орталығындағы астық қабылдау пунктінде жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан. «Қызыл жұлдыз»…

Read More

Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды. Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады). Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады. Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.

Read More

Фото: aikyn.kz Телеарна мәліметінше, Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен. Алайда сарапшылар алдағы уақытта дәрілік заттарды таңбалау басталғанда баға тағы өсетінін айтады. Өңірлер арасында фармацевтикалық өнімдер бағасының өсімі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда дәрі-дәрмек 18,4 пайызға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Ал ең төмен баға Маңғыстау облысында тіркелген. Онда дәрі-дәрмек құны 5,6 пайызға көтерілген. Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат. Тіпті, 400-500 пайызға жетіп жатады. Жалпы бағаның өсуіне әуелі инфляция әсер етеді, — дейді ол. Дәріхана иелері дабыл қағуда. 1…

Read More

Фото: polisia.kz Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2 500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Алдағы уақытта аталған дүкендердің сөресінде арақ-шарап сатылмайды. Өйткені ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлде бас тартты. Бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер көтеріп, жиын өткізді. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы, қылмыстың, құқықбұзушылықтың болмауына, отбасылық дау-жанжалдарға жол бермеуге өз септігін тигізетіні айтылды. Өз кезегінде жеке кәсіпкерлер игі бастамаға қолдау білдірді. Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен соңғы 3 жылда мүлде қылмыс…

Read More

Фото: primeminister.kz Жиында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ға инвестордың іс-қимыл барысы егжей-тегжейлі жазылған жаңа әдістемелік анықтамалық таныстырылды. Әрбір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган инвесторлармен жұмыс істеу кезінде осы нұсқаулықты басшылыққа алатын болады. Бұған қоса, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев қазақ-қатар жұмыс тобының жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазақстан мен Қатар арасындағы екіжақты тауар айналымында оң динамика байқалады. 2023 жылғы өсім – 50%. Бүгінде Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жалпы құны 18 млрд доллардан асатын 15 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әрқайсысы ілеспе кәсіпорындардың тұтас кластерін құруға бағытталған 17…

Read More

Фото: Halyq Uni 4 мамырдағы сот отырысында сот процесіне қатысушылар жарыссөздің екінші бөлігіне көшті. Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады. Айта кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды. САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды. Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады. Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат…

Read More

Фото: polisia.kz Ұзақ уақыт бойғы жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 грамм мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Яғни, 330-дан астам доза есірткінің тұтыну үшін таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны 5,5 миллион теңгеге бағаланады. Екі жақын дос Таразда есірткі заттарын сатумен айналысқан. Жедел қызметкерлер оларды ұзақ уақыт бақылады. Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция олардың тұтынушылармен алдын ала кезекті келісімінен кейін жүргізілді, –…

Read More