Close Menu
Ultnews-информационный агентства
  • Басты
  • Новости
  • Регион
  • Политика
  • Общество
  • Экономика
  • Культура
  • Здоровье
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • О нас
  • Контакты
  • Правила портала
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-информационный агентства
  • Басты
  • Новости
  • Регион
  • Политика
  • Общество
  • Экономика
  • Культура
  • Здоровье
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Суббота, 14 июня
Trending
  • В Алматы пройдет Весенняя студенческая лига
  • ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ
  • ЖАҢА ТЕРМИНАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ПЕН МАКСИМ РОЖИН БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
  • Ғалымдар Антарктиданың жасыл желекке бөлене бастағанын растады
Ultnews-информационный агентства
Home»Главная новости»СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Главная новости 03.05.2024

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

03.05.2024 Главная новости
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Аймақ басшысы Сыр өңірін су басу қаупі болмағанымен, апаттың алдын алу шараларын, оның ішінде құзырлы органдардың дайындығын пысықтау өзекті мәселе екендігін атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, көктемгі су тасқынынан 10 облыста төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлер, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар су астында қалып, елді мекендер арасындағы автокөлік жолдары жабылды. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болып танылды. Тасқынның алдын алу мақсатында менің тапсырмама сәйкес өңірлік штаб құрылып, су басу қаупі бар 29 аймаққа 364 арнайы техника мен 1102 адам күші бар 116 жауапты мекеме бекітілді. Сең жүру кезінде су шаруашылығы мамандары, төтенше жағдай саласының қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар кезекшілік ұйымдастырып, Түркістан облысының шекарасынан бастап Арал теңізінің құяр сағасына дейін мұздың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Су тасқынының алдын алудағы құзырлы органдардың дайындығы туралы облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев хабарлама жасады. Облыс прокуроры Ризабек Ожаров жергілікті мекемелердің дайындығына қатысты ұсыныс-пікірін жеткізді.
Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі алдағы 2024-2025 жылғы су тасқыны кезеңіне әзірлікті қазірден бастау қажеттігін ескертті. Осыған байланысты облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына су шаруашылығы нысандарына жұмыс тобы жүргізген зерттеу қорытындысымен ұсыныс енгізу тапсырылды. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері қажетті материалдық-техникалық қорды жеткілікті мөлшерде жинақтап, су басу аймақтарына жақын аумақтарға шоғырландыруы тиіс. «Қазсушар» мекемесі су тасқынын басқарудың ұзақмерзімді стратегиялық жобаларын Су ресурстары және ирригация министрлігіне ұсынуға жауапты болмақ. Ал, облыстық төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қала және аудан әкімдіктерінің азаматтық қорғау қызметтерінің, күш-құралдарының дайындығын және материалдық қорын тексеруі қажет.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Еске салсақ, Сыр жұртшылығы су тасқыны болған аймақтарға белсенді түрде көмек қолын созуда. Республикалық қайырымдылық акциясына облыстың барлық мемлекеттік мекемелерімен қатар, ірі кәсіпорындар мен компаниялар, меценаттар, партия және Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, волонтерлер айрықша үлес қосты. Қызылорда облысынан еліміздің Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарына 738 адам, 216 арнайы техника жіберіліп, көмек көрсетілуде. «Торғай Петролеум» мұнай компаниясы 50 млн.теңге көлемінде гуманитарлық көмек берсе, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 100 тоннаға жуық ақ күрішпен қамтамасыз етті. Қала және аудан әкімдіктері ұйымдастырған «Күшіміз – бірлікте» акциясына облыстың жанашыр азаматтары мен волонтерлер жұмылды. Жинақтау пункттері ашылып, су тасқыны басталғаннан бүгінгі күнге дейін Сыр өңірінен 150 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі жөнелтілді.
Мұнан бөлек, облысқа Батыс Қазақстан өңірінен уақытша келген 103 оқушы мен 10 жетекшісі «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына орналасырылып, 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ал, Атырау облысының 100-ден аса тұрғыны Қызылорда қаласында орналастырылып, тиісті көмек көрсетілуде.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email

Related Posts

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

22.10.2024

ЖАҢА ТЕРМИНАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024
Последние новости

В Алматы пройдет Весенняя студенческая лига

22.04.2025

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

22.10.2024

ЖАҢА ТЕРМИНАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ПЕН МАКСИМ РОЖИН БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.10.2024

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

22.10.2024
Demo

При использовании материалов на сайте просим дать обязательную активную ссылку. Напоминаем, что авторские и другие права на информационном портале полностью защищены.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews - Все права защищены.
  • О нас
  • Контакты
  • Правила портала

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.