Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған аумақтың шығыны 397 млн теңге болған. Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері жойылып, 397 млн теңгеге жалпы ауданы 49 мың га болатын 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұндай шаралардың негізі жер учаскелерін нысаналы пайдаланбау, оларды қосалқы жалға беру, Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасуы болып табылды, делінген хабарламада. Сонымен қатар, облыс прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалар мен аудандар мәслихаттарының жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету және бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттерін бекіту туралы 4 нормативтік құқықтық актілері жойылған. Фото: pixabay
Автор: un_admin
Вашингтонда орналасқан Global Financial Integrity сараптама орталығы соңғы 20 жылда АҚШ-тың 22 штатындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікке 2,6 миллиард доллардан астам күдікті қаражат инвестицияланғанын хабарлады. Нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Баяндамада күдікті инвестициялардың 25 дерегі анықталғаны, оның сегізі шетелдің мемлекеттік қызметкерлері немесе олардың туыстарына қатысты екені айтылады. Ұйым мәліметінше, ақша әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Иран, Солтүстік Корея, Ресей және Мексикадан келіп, қонақүйлер, сауда орталықтары, супермаркеттер, музыкалық студия мен ат спорты кешенін сатып алуға жұмсалған. Сараптама орталығының баяндамасында Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов, ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев, сондай-ақ Казкоммерцбанктің бұрынғы тең қожайыны Асқар Алшынбаев туралы айтылған. Соңғы екеуінің есімі қатар…
Жаңа заңда әскери есепке алу ережелері қатаңдатылды, әскерге шақырудан жалтарғандарға қарсы санкциялар күшейтілді. АҚО-да ақпаратты міндетті түрде нақтылау Жаңа заңға сәйкес, 18 бен 60 жас аралығындағы барлық ер азаматтар әскерге шақыруды күтпестен екі ай ішінде жеке мәліметтерін – аты-жөнін, туған күні мен жерін, тұрғылықты мекенжайын, телефон нөмірлері, электрондық поштасын жаңартуы керек. Егер азамат Украина аумағында болса, ол өз ақпаратын аймақтық қалыптасу орталықтары (АҚО), әкімшілік қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер мен запастағылардың электронды кабинеті арқылы жаңарта алады. Егер азамат шетелде болса, ақпаратты әскерге шақырылушының онлайн-аккаунты арқылы немесе әскери есепте тұрған жері бойынша АҚО ресми электронды мекенжайы немесе телефоны арқылы…
19 мамырда БАҚ Иран президенті мінген тікұшақ Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясына «апатты жағдайда қонғанын» хабарлады. Президент Эбрахим Раиси мен елдің Сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиан мінген тікұшақ қалың орман алқабына құлаған. «Иран халқы алдындағы борышын өтеп жүрген Ибрахим Раиси апатқа ұшырап, шәһид болды», — делінген агенттік хабарламасында. Тікұшақта болған жолаушылар: Ибрахим Раиси, Хосейн Амир-Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Ислам революциясы жетекшісінің Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы өкілі аятолла Мохаммад Али Але-Хашем және тағы бірнеше адам қайтыс болды, деп жазады басылым. Сонымен қатар, 73 құтқару тобы тікұшақты 10 сағаттан астам іздегені айтылады. Құтқарушылардың жұмысына ауа райының қолайсыздығы –…
Тиісті Жарлыққа дүйсенбі күні қол қойылды. Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында. Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігін 2020 жылдың мамырынан 2024 жылдың ақпанына дейін басқарды. 2022 жылдың наурыз айынан бастап ол аталған қызметті Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қатар атқарды. 2024 жылдың ақпанында Жамаубаев министрлер кабинетінен кетіп, орнына Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалды. Фото: Қаржы министрлігі
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден «иппон» әдісімен басым түсті. Осылайша, Абиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын. Әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалдым. Өз жерімізде өткен Grand Slam турниріне де қатыспадым. Олимпиадаға бір қадам қалды. Сондықтан, бұл бәсекенің орны ерекше. Ал кездесулерге келер болсам, моңғол қызына өз қателігімнен ұтылдым. Азия чемпионатында да есе жіберіп едім. Бірінші айналымдағы түрік қызын бұрын да жеңіп жүргем, кіші финалда кездескен Тукче Бедермен бірінші рет белдестім. Екеуміз де…
Оған ҰҚК басшысының бірінші орынбасарына пара бермек болды деген айып тағылып отыр. Сот бұрынғы әкімді сегіз жыл, бес ай, жеті тәулікке бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ «Құрмет» орденінен және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру туралы өтініш берілді. Айта кетейік, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстаған болатын. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Мақсұт Исахов 2020 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Қалалық әкімдікте көлік және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы, туризм, дене шынықтыру және спорт, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ цифрландыру саласы, жердің пайдаланылуы мен…
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қойылады, делінген хабарламада. Фото: СІМ
Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады. Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің алғашқы 100 шақырымын бағындырып, бірінші кезеңнің мәресі Екібастұз маңында аяқталды. Алғашқы кезең қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Солтүстік-Қазақстан облысының командасы үштікке ілікті. Өкінішке қарай, алғашқы кезеңде бірден үш команда (Алматы мен Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) жарыстан әртүрлі себептермен шығып қалды. «Аттардың шама-шарқын бағамдаған шабандоздар сәйгүліктерін қинамай, дер кезінде жарысты тоқтатқандары жақсы шешім болды», — дейді Бас төреші Надежда Купцова. Бірінші кезеңде Батыс-Қазақстан…
Дональд Туск Польшаның НАТО мен Еуропалық Одақтың шығыс қапталындағы стратегиялық позициясын атап өтіп, бұл ел Еуропаның қауіпсіздігіне де жауапты екенін айтқан. Ресейдің жақын одақтасы Минск Таяу Шығыста Еуропаға жаңа бейресми бағыт ұсынатын туристік агенттіктерді ашқаннан кейін, 2021 жылы мигранттар ағыла бастаған Польшаның Беларусьпен шекарасы қиын нүкте болды. Ресей 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен бері қарым-қатынастар бұрынғыдан да шиеленісе түсті. Варшава қорғаныс шығындарын көбейтіп, Минск пен Мәскеуді Польшаны тұрақсыздандыру әрекеті үшін айыптады, деп жазады агенттік. Ал, Премьер-министр Дональд Туск баспасөз мәслихатында: «Біз өз қауіпсіздігімізге, ең алдымен, қауіпсіз шығыс шекарасына 10 миллиард злота (2,5 миллиард доллар) инвестициялауды шештік. Біз қауіпсіз шекараны, оның…