Close Menu
Ultnews-информационный агентства
  • Басты
  • Новости
  • Регион
  • Политика
  • Общество
  • Экономика
  • Культура
  • Здоровье
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • О нас
  • Контакты
  • Правила портала
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-информационный агентства
  • Басты
  • Новости
  • Регион
  • Политика
  • Общество
  • Экономика
  • Культура
  • Здоровье
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Среда, 2 июля
Trending
  • В Алматы пройдет Весенняя студенческая лига
  • ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ
  • ЖАҢА ТЕРМИНАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ПЕН МАКСИМ РОЖИН БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
  • Ғалымдар Антарктиданың жасыл желекке бөлене бастағанын растады
Ultnews-информационный агентства
Home»Новости»Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды
Новости 19.07.2024

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

19.07.2024 Новости
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызын қанағаттандырып, құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлікті қайтарды. 17 шілдеде аталмыш соттың Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Cотта анықталғандай, нысан 551 млн теңгеге арзан бағамен заңсыз сатылған.

Мектеп аумағына 7,6 мың шаршы метр болатын әкімшілік ғимараттар, спорт залдары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ 4,9 гектар жер кіреді. Бұл мүлікке Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген азаматтарға тиесілі «Nomad’s Land» ЖШС иелік еткен.

АЙта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға сотталды. Араға екі апта салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министрдің әйелі пара беруге оқталғанын анықтаған. Ал олардың мүддесін қорғаған адвокат Мұстақым Төлеев алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекетін жасады деген күдікке ілінді.

Ол Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету және қамаудан босату үшін экс-министрдің әйелінен сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 мың доллар алған.

2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс сотқа түсті. Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) – 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша күдікке ілінген. Әйелі Ғалия Ысқақова 368-баптың 1-бөлігі (парақорлыққа делдал болу), Мұстақым Төлеев 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа тартылған.

2024 жылдың 13 ақпанында Арыстанбек Мұхамедиұлы мен әйелі Ғалия Ысқақоваға сот үкімі сот үкімі шықты.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email

Related Posts

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

22.10.2024

Ғалымдар Антарктиданың жасыл желекке бөлене бастағанын растады

22.10.2024

Миттал кетті, Лавреньтев келді: Апат болған Костенко шахтасында бір жылда не өзгерді?

22.10.2024
Последние новости

В Алматы пройдет Весенняя студенческая лига

22.04.2025

ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

22.10.2024

ЖАҢА ТЕРМИНАЛДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ПЕН МАКСИМ РОЖИН БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.2024

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.10.2024

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

22.10.2024
Demo

При использовании материалов на сайте просим дать обязательную активную ссылку. Напоминаем, что авторские и другие права на информационном портале полностью защищены.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews - Все права защищены.
  • О нас
  • Контакты
  • Правила портала

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.